Білім алушылар үшін көктемгі семестрді ұйымдастыру

Құрметті білім алушылар!

“Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 548 бұйрығына сәйкес 1-курс білім алушылары үшін көктемгі семестр аралас оқыту форматында ұйымдастырылады.

Ол үшін санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, дәрістер оқу және семинарлар өткізу – онлайн, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар өткізу – күндізгі форматта қарастырылған.

2-3 курс білім алушылары үшін аралас форматта оқыту келесі білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады:

  • 6В01401 Дене шынықтыру және спорт
  • 6B02101 Дизайн
  • 6B05101 Биология
  • 6B05102 Биотехнология
  • 6B05201 Экология
  • 6B05202 География
  • 6B05302 Химия
  • 6B05301 Физика
  • 6B05401 Математика
  • 6B07104 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • 6B07105 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • 6B07102 Жылу энергетикасы
  • 6B07103 Электр энергетикасы
  • 6B07108 Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің электр жабдықтары мен электр шаруашылығы
  • 6B07101 Машина жасау
  • 6B07106 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
  • 6B07202 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
  • 6B07201 Металлургия
  • 6B07301 Сәулет
  • 6B07302 Құрылыс
  • 6B07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • 6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • 6В09101 Ветеринарлық санитария
  • 6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және  өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • 6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Аралас форматта оқыту кезінде қолданбалы сипаттағы пәндер бойынша зертханалық және практикалық сабақтар санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, университеттің зертханаларында өткізілетін болады.

Барлық білім беру бағдарламаларының бітіруші курс білім алушылары үшін өндірістік және дипломалды практикадан өту бойынша конференциялар өткізу, санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, кафедрадағы аудиторияларда бітіру біліктілік жұмысын орындау бойынша консультациялар өткізу ұйымдастырылады.

1 курс магистранттары үшін санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аралас оқыту форматында сабақтар өткізу ұйымдастырылады.

Оқытудың аралас форматын пайдалану кезінде сабақтардың 70% – ын оффлайн (аудиторияда) және 30% – ын онлайн режимінде өткізу болжанады.

Университет қабырғасында сабаққа қатысу кезінде білім алушылар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша бірқатар шараларды орындауы тиіс:

  • Сабақ барысында аудиторияда болуды қоса алғанда, бүкіл оқу процесінде бетперде киюді ұмытпаңыз. Маскасыз келген студенттер аудиторияға жіберілмейді.
  • Басқа академиялық топтармен қиылыспауды қамтамасыз ету үшін жылжымалы өзгеру кестесін қатаң сақтау.

Сонымен қатар, жоғары температуралы білім алушылар аудиториядағы сабақтарға жіберілмейді.

Саll орталығы телефоны: 8(701) 031-24-33